Елімізде білікті исламтану мамандарын даярлаудың маңыздылығы артты
Бүгінгі күнде еліміз үшін дінаралық тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтау маңыздылығы артуда. Дін - қоғамдық сана формасы және әлеуметтік институт ретінде қоғам мен адам өмірінде нақты қызметтер атқарады. Зайырлы қоғамда діни білім беру мазмұны - әлемдік және дәстүрлі діндердің құндылықтарын ғылыми және зайырлы тұрғыдан зерделеу мен діни танымды қалыптастыру. Соңғы уақытта көптеген зайырлы мемлекеттер жоғары білім беру жүйесінің дін саласы мамандарын даярлауда исламтану негіздерін оқытуды қолға алуда. Біздің мемлекетіміз де көш соңынан қалар емес. Діни білім беру саласында «Дінтану»...